Күннен қуат алып отырған ауыл

190
10.09.2025 22:46

Шаруалар электр энергиясын күн панельдері арқылы пайдаланып отыр. Сауран ауданына қарасты Егізқара ауылдағы тұрғындар мұнда жарық бағаналары мүлдем тартылмағанын айтады. Сондықтан аймақта орналасқан 11 үйге ауыл шаруашылығының инфроқұрылымын субсидиялау жобасына сәйкес осы құрылғы орнатылған екен. Оған да 5 жылдың жүзі болыпты. Жаңа технологияның игілігін көріп отырған халықпен тілшіміз тілдесіп қайтты.