Петропавл қаласында Ұлттық ұлан Академиясының бірінші курс курсанттары Әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Биыл антты 200-ге жуық курсант қабылдап, 12 әскери қызметші магистрант атанды. Олардың қатарында – Қырғызстаннан келген 10 және Тәжікстаннан келген 15 курсант бар. Олар Қазақстанда білім алып, Орталық Азия елдері арасындағы әскери ынтымақтастық пен бауырластық байланыстарды нығайта түспек.
️