Түркістан
EN

Түркістан қаласында 23 мыңнан астам азамат үй кезегінде тұр

377
09.09.2025 01:21

Түркістан қаласында 23 мыңнан астам азамат үй кезегінде тұр. Оның 16 мыңы әлеуметтік осал топтар. Жалпы биыл 944 пәтерлі 11 тұрғын үйді үлестіру жоспарланған. Бүгінде оның 432 сі пайдалануға берілді. Қалған 512 пәтерлі 6 тұрғын үйді жыл соңына дейін кезекте тұрған азаматтарға табыстамақ. Сондай ақ, биыл «Отбасы банк» арқылы кредиттік жүйемен жалпы 2078 тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарланған. Мұндай тұрғын үйлерге өтініштер жергілікті атқарушы органда үй кезекте тұрған Банк салымшыларынан кабылданады. 

️