Бүгін – Қазақстан халқының тілдері күні. О баста мереке 1998 жылы бекітіліп, алғашында 22 қыркүйек күні тойланатын. 2017 жылдан бері Тілдер күні ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай 5 қыркүйекке ауыстырылды. Мерекеге орай Түркістанда «Тіл – әр ұлттың ең асыл қазынасы» атты шара өтті. Оның аясында байқау ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.
️