28,4 мың қызметкердің құқығы қорғалды

23
02.09.2025 20:09

Елімізде 2025 жылдың 7 айында өндірісте жарақат алғандар саны 11%-ға, ал қаза тапқандар саны 14,7%-ға төмендеді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғандағы көрсеткіш. Салаға жауаптылардың айтуынша осы кезеңде мемлекеттік еңбек инспекциясы 3,5 мың тексеру жүргізіп, 4 мыңнан аса құқық бұзушылықты анықтады. 2 мыңнан астам жұмыс берушіге нұсқама жолдап, 277 млн теңгеден астам айыппұл салды. Барлығы 28,4 мың қызметкердің құқығын қорғап, 3 жарым мыңға жуық қызметкерге 1,1 млрд теңге жалақы берешегін өндіріп берді.