Келес ауданы, Біртілек ауылдық округінде 300 орындық келешек мектеп ашылды. Білім ұясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған ұллтық жоба аясында бой көтерді. Бұған дейін біртілектік балалар 60 орындық ескі ғимаратта оқып келген. Біразы білім іздеп көрші ауылға сабылуға мәжбүр болған. Енді міне ауыл тұрғындарының аңсаған арманы орындалып, замануи білім ордасы ел игілігіне тапсырылды.
️