Бәйдібек ауданындағы «Шаян» мектеп-лицейінде ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бақыт Қырғызалиев нысанға арнайы барып, құрылыс барысымен танысты. Жауапты тұлғаларға жөндеу жұмыстарын жаңа оқу жылына дейін толық аяқтап, жұмыс күшін арттыру, ең бастысы сапаға басымдық беру жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.
️