Қазығұрт ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімдігі, ауылдық округтер, білім беру ұйымдарының ұстаздары, жастар мен тұрғындар белсене қатысты. Жалпы мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына атсалысты. Сенбілік барысында ауыл көшелері, саябақтар, арықтар мен аулалар тұрмыстық қалдықтан тазартылып, ағаш түптері әктелді, гүлзарлар мен көшеттер ретке келтірілді. Сонымен қатар, су арналары тазартылып, көшеттер отырғызылды.
️