Биыл ұлы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы мен қазақтың дарынды композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы кең көлемде атап өтілуде. Осы мерейлі датаға орай Ордабасы ауданында «Ауылым Арыс жағасында» атты дәстүрлі шара ұйымдастырылды. Бөржар және Бадам ауылдық округтерінің таланттары танылған кешке тілшіміз де куә болып келді.
️