Арыс қаласында халықаралық жастар күніне орай спартакиада өтті. Оған Түркістан облысының аудан, қалаларындағы жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты. Сайыстың басты мақсаты – белсенді жастарды қолдап, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. Спартакиада басталмас бұрын аймақ жастарының көшін бастап жүрген Ернар Бектаев шараны өткізуге қолдау білдірген Арыс қаласы әкімдігіне алғыс білдірді
️