Жаңа оқу жылы басталуға жақын. Бүгінде баласы мектепке баратын ата-аналар қызу әзірлік үстінде. Киім-кешек, оқу құралын түгендеп жүр. Ал мұның бәрі айналып келіп қалтаға салмақ салады. Сөйтіп, биылғы баға қандай? Дәл қазір мектепке қажетті құрал-жабдықтардың нарықтағы құны қанша? Сауда орындарына арнайы барған әріптесім Шынар Мұратхан жағдайды саралап қайтты.
️