Халықаралық жастар күніне орай мерекелік концерт өтті

374
13.08.2025 21:42

Түркістанда халықаралық жастар күніне орай «Жастармен бірге» атты гала-концерт өтті. Мерекелік кешке жергілікті өнерпаздармен қатар, елімізге танымал әншілер қатысты. Шараны Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, жастарды мерекемен құттықтады.