Елімізде Жүк автокөліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Олар 77 жүк көлігіне жалған құжат жасап бастапқы тіркеуден өткізген. Аталған заңсыз әрекет Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында арнайы міндеттелген салықтан жалтару үшін жасалғаны белгілі болды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі жариялады.
️