Елімізде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының онлайн кезеңі өтіп жатыр. Түркістан облысында 90 156 ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер тіркелген, олардың 90 пайыдан астамы электронды цифрлық қолтаңба арқылы авторизациядан өту мүмкіндігіне ие. Респонденттер sanaq.gov.kz порталында санақ парақтарын қашықтан өз бетінше толтыра алады. Сауал туындаған жағдайда sanaq-Myrza виртуалды көмекшісіне жүгіне алады. Сондай-ақ 1446 нөмірі бойынша бюроның байланыс орталығына хабарласуға мүмкіндік бар. Онлайн санақты ыңғайлы ету үшін жергілікті әкімдіктер мен аудандық статистика басқармаларында 201 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылған.
️