«Ауылым – Арыс жағасында» фестивалі өтті

245
06.08.2025 01:19

«Ауылым Арыс жағасында». Үш жүздің басын қосқан Ордабасы ауданында осындай атаумен ауқымды байқау басталды. Мақсаты - ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыз секілді құндылықтарымызды дәріптеп, төл мәдениетіміздің мәйегін насихаттау. Өнер додасына ауданның әр ауыл округі бекітілген кесте бойынша түсіп, өзара бақ сынасуда.