Абай елінде Түркістан облысының мәдениет күндері өтті

21
04.08.2025 20:27

Абай облысында Түркістан облысының мәдени күндері өз мәресіне жетті. Хакім Абайдың 180 жылдығына арналған ауқымды іс-шаралар легі Семей қаласында жоғары деңгейде өтті. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің бастамасымен жолға шыққан шығармашылық делегация жергілікті жұртты ерекше өнерімен тәнті етті. Мәдени керуен абайлықтардың ыстық ықыласына бөленіп, екі өңір арасындағы рухани байланыс нығая түсті.