18 тамыз - шекарашылар күні! Елдің тыныштығын кірпік қақпай күзеткендер төл мерекесі қарсаңында сапалы ауыз суға қол жеткізді. Бұл жұмыс Түркістан облысы әкімдігі мен Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің өңіріміздегі нысандары инфрақұрылымын жетілдіру бойынша жол картасы аясында іске асты. Сырдария” шекара бөлімшесі Алмалы елді мекенінің аумағында орналасқан. Бұл бекеттегі орталықтандырылған ауыз су жүйесінің тозығы жеткен. Сондықтан шекарашылар 10 жыл бойы суды тасымалдап келген. Ішкі су жүйесін ағымдағы жөндеуге 8млн теңгеден астам қаржы бөлініпті. Нәтижесінде Алмалы елді мекенінен 3 шақырым жерден диаметрі 110 мм болатын магистральдік құбыр тартылды.
️