Редакциямызға Төлеби ауданының тұрғындары өтініш айтып хабарласты. Ауыз су түнде екі сағат қана беріледі деп отыр. Достық елді мекенінің тұрғындары аптап ыстық түссе шүмектен су кететінін айтады. Ал жергілікті билік өкілдері жоспарға сай мәселе шешімін табады дейді. Халық су үнемдеу мәдениетін сақтаса, тіршілік нәрі толық ауылға жететінін жеткізді. Мәселенің мән жайын біліп қайтқан әріптесім Ернұр Уәлихан тарқатсын.
️