Берденовке 5 рет оқ атқан

16
28.07.2025 17:54

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық ісі бойынша сот басталды. Іс шаһардағы мамандандырылған қылмыстық сотта қаралуда. Басты айыпталушы - бұрынғы «Тұрғын үй Шымкент» компаниясының басшысы Ернар Жиенбай. Оған қылмыстық кодекстің 2 бабы бойынша айып тағылып отыр.  Істі судья Абинұр Карабаев жүргізуде. Сот процесі мемлекеттік тілде және ашық форматта өтіп жатыр. Алайда судья айыпталушы Ернар Жиенбайды фото-видеоға түсіруге тыйым салды. Руслан Берденовтің өзі сотқа қатысып жатқан жоқ. Айта кетейік, 21 сәуірде қалалық әкімдік маңында Руслан Берденовке аңшы мылтығынан 5 рет оқ атылды.