Жаз- балалар асыға күтетін мезгіл. Суға шомылып, күнге тотығып, асыр сала ойнайды. Алайда сол ойынның соңы оқыс жағдайға тап қылып, жарақат алғандар да осы кезде көбейеді. Түркістан қаласының өзінде соңғы 6 айда жарақат бөліміне 5412 бала жүгінген. Арнамыздың тілшісі қалалық ауруханаға арнайы барып, ондағы жағдайды бақылап қайтты.
️