Терезеден құлаудың алдын алу мақсатында рейд жүргізді

415
17.07.2025 01:35

Соңғы  үш жылда елімізде 462 бала терезеден құлап, оның 62-сі қаза тапқан. Жазатайым жағдайлардың басты себебі – қарапайым қауіпсіздік шараларының ескерілмеуі. Осыған байланысты Түркістан облысының төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға арналған ауқымды түсіндіру шарасын өткізді. Бұл жолы мамандар аулада бүкіл құтқару техникасын жинап, нақты көріністер арқылы қауіптің қаншалықты шынайы екенін көрсетті.