Жобалық кеңсе құрылды

23
15.07.2025 18:48

Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады. Президенттің  тапсырмаларын орындау мақсатында Өңірлік саясат жөніндегі жобалық кеңсе құрылды.  Қанат Бозымбаев Өңірлік стандарттар жүйесін енгізу жөнінде баяндады. Бұл облыстар арасындағы және аймақ ішіндегі инфрақұрылымға қол жеткізу барысында байқалатын теңсіздікті төмендетуге, елді мекендерді дамытуды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. Президент өңірлерді теңгерімді дамыту маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына бірыңғай цифрлы экожүйе енгізу, су саласын цифрландыру және су үнемдеу технологияларын қолдану жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.