Елордадағы жәрмеңкеге 500 тонна өнім жіберілді

151
20.08.2021 00:21

Түркістан облысы еліміздегі ауылшаруашылығы өнімдерінің 147 пайызын өндіреді. Биыл 843 мың гектарға егіс егілді. Нәтижесінде 3 млн тоннадан астам өнім жиналады деген жоспар бар. Ал, жарты жылдықтағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 282 млрд теңге құрады. Көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 47 млрд теңгеге көпЕліміздегі бақша дақылдарының 59, жүзімнің 65, көкөністің 29 пайызы біздің облыста өсіріледі. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында еліміздің барлық облыстары астанамыз - Нұрсұлтан қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізеді. Осы жиынды өткізуді  алғаш болып Түркістан облысы қолға алды. Нақтыласақ, осы сенбі жексенбі күндері Ханшатыр сауда орталығының маңында оңтүстік өңірінің жеміс-жидектері елорда тұрғындарына арзандатылған бағамен ұсынылмақ.