11-12 шілде – Балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні. Бүгінде бұл бағытты дамыту – Мемлекет басшысы қойған маңызды міндеттердің бірі. Осыған орай Түркістан облысы, Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов «Fish House» ЖШС-не барып, кәсіпкермен кездесті. Киелітас ауылдық округінде орналасқан серіктестікке биыл 400 миллион теңге инвестиция құйылған. Онда қазір сазан, форель және бекіре тұқымдас балықтар өсірілуде. Тоғандарға мыңдаған шабақ жіберіліп, 50 ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылған. Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов кәсіпкермен кездесіп, жобаның болашағына қолдау білдірді.
️