Олжас Бектенов әділет органдарында цифрлық шешімдерді енгізу барысымен танысты

17
11.07.2025 20:21

Мемлекет басшысы барлық саланы цифрландырудың бірыңғай жүйесін құру қажет екенін атап өткен. Осыған байланысты Үкімет мемлекеттік органдарға жасанды интеллект енгізу жұмысын бастады. Премьер-министр Олжас Бектенов әділет органдарын цифрландыру бойынша кеңес өткізді. Жиында құқықтық жүйеге цифрлық шешімдерді енгізу, сот-сараптама қызметін жаңғырту және халықтың құқықтық көмекке қолжетімділігін арттыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ жасанды интеллектті кеңінен қолдану, жаңа цифрлық жобаларды енгізу және заңнамалық бастамаларды іске асыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді