«VOICE OF TURAN - 2025»: Италиялық әнші бас жүлде алды

22
23.06.2025 19:38

Түркістан төрінде өткен халықаралық «Voice of Turan – 2025» қазақ әндері фестивалі өз мәресіне жетті. Байқау нәтижесінде бас жүлдені Италиядан келген кәсіби әнші Vincenzo Cantiello жеңіп алды.  Айта кетейік, әлемнің 17 елінен келген үміткерлер қазақ әндерін ерекше шабытпен орындап, көрермендерге рухани ләззат сыйлады. Фестиваль мақсаты да осы  – қазақ музыкасын халықаралық деңгейде насихаттап, түркі дүниесінің мәдени байланысын арттыру болатын. Қазылар алқасы құрамында еліміздің белгілі өнер қайраткерлері – Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев, Маржан Арапбаева, Мөлдір Әуелбекова және басқа да танымал тұлғалар болды. Ал кеш қонақтары ретінде «Меломен» тобы, Қазыбек Құрайыш, Ғазизхан Шекербеков пен Португалиядан келген әнші Лара Алейшо өнер көрсетті. Фестиваль Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен және облыстық мәдениет басқармасы мен халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен алтыншы рет өткізілді. Биылғы шара «Керуен сарай» кешенінде ашық аспан астында ұйымдастырылып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.