«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында бос орындар жәрмеңкесі мен форум өтті

16
20.06.2025 18:59

Түркістанда жұмыссыз азаматтар мен жас түлектерге арналған форум өтті. «Жұмысшы мамандықтар» жылы  аясында ұйымдастырылған шарада 50 шақты жұмыс беруші  1500-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды. Кәсіпорындар өз жұмыстарын насихаттап, талапқа сай мамандығы, білімі, тіпті жұмыс тәжірибесі жоқ азаматтар да өзіне лайықты қызмет түрін табуға мүмкіндік алды. Кей студенттерге жұмысқа орналастыру сертификаттары табыс етілді. Ұсынылған бос жұмыс орындарының 75% немесе  1 163-і – өнеркәсіп саласындағы іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың үлесінде, 162-сі ауыл шарушылғы саласына тиесілі. Сондай-ақ, бірқатар колледждер, кәсіпорындар мен «Еңбек мобильділігі» арасында үшжақты меморандумға қол қойылды. Форумға облыс әкімі қатысып, жастардың еңбек нарығындағы алар орнын ерекше атап өтті.