Университетте үлестерді заңсыз қайта бөлу схемасын анықталды

15
20.06.2025 18:58

Қаржы мониторинг агенттігі Шығыс Қазақстан облысындағы  университетте үлестерді заңсыз қайта бөлу схемасын анықтады.  Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті – елдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Білім ордасы  металлургия, машина жасау, энергетика, медициналық техника және басқа да салалар үшін мамандар даярлаумен айналысады. Оның құрамында 17 ғылыми орталық, зертхана және ғылыми-өндірістік алаң жұмыс істейді. Алайда, 2018–2020 жылдары университеттің бұрынғы басшылығы жарғылық капиталындағы 78% мемлекеттік мажоритарлық үлесті заңсыз түрде жекеменшікке өткізген. Тергеу нәтижесінде, оқу ордасына  жалпы құны 1,5 млрд теңге болатын мүлік толық қайтарылды.