Отан үшін от кешкен оңтүстіктіктер

55
28.04.2025 14:53

«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Қазақстанның оңтүстігінің тарихында». Түркістанда осындай тақырыпта халықаралық ғылыми-конференциялық тәжірибе өтті. Жиынға еліміздің тарихшы-ғалымдарынан бөлек, Өзбекстан мен Ресей ғалымдары онлайн қатысты. Келушілер үшін Түркістан облысының аудандарынан майданға қатысқан жауынгер суреттері, олар туралы мақалалар мен құнды құжаттар жинақталған көрме ұсынылды. Басқосуда ғалымдардың жаңа тарихи деректері бар кітаптың тұсаукесері болды. Тарихшы Хазіретәлі Тұрсын жинақтың маңызы зор екенін айтты.