Түркістанда қазақтың дәстүрлі және халық әндерін насихаттап жүрген дарынды әнші Ерлан Рысқали шеберлік сағатын өткізді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының көркемдік жетекшісі жергілікті талантты жастармен кездесіп, дәстүрлі және халық әндерінің бүгінгі қоғамдағы орны мен рөлі жайлы сөз қозғады.
️