Көктем келіп, күн жылығанда жазатайым оқиғалар қаупі артады. Әсіресе, ең қауіптісі - ашық терезе. Себебі далаға қараймын деп абайсызда құлап кететіндер дәл осы маусымда арта түседі. Биыл елімізде осындай 13 факті тіркелген, салдарынан бір бала қаза тауып, 12-сі түрлі жарақат алды. Жағдайдың алдын алу үшін ҚР Ішкі істер министрлігі ата-аналарға балалар қауіпсіздігіне қатысты үндеу жасады.
️