Түркістанда республикалық байқау өтіп жатыр

86
10.04.2025 14:26

 «Бала шешеннен - дана шешенге»! Түркістанда осындай атаумен республикалық байқау өтіп жатыр. Мақсаты – қара қылды қақ жарған әділ, тура би-шешендердің қасиетін келер ұрпақтың бойына сіңіру. Биыл алғаш рет республикалық деңгейде өтіп жатқан шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 50-ден аса жас қатысуда. Олар артында ұлағатты сөз қалдырған ұлы бабаларымыздың сөздерін қойылым арқылы жеткізіп, айтыс пен бейнелеу өнері кезеңдерінде өзара бақ сынап жатыр.