Тұрғын үйден екі жылан шықты

111
07.04.2025 13:01

 Тұрғын үйден бірден 2 жылан шықты. Оқиға Алматы облысы Алатау қаласында болған. "Энергетик" саяжай қоғамының тұрғыны 112 пультіне үйінде бауырмен жорғалаушылардың жүргені туралы хабар берген.  Құтқарушылар шақырту орнына жедел келіп, арнайы құралдың көмегімен 2 жыланды ұстады.  Адамдарға қауіп төндірмеу үшін оларды елді мекеннен алыс аймаққа а босатып жіберді.