Түркі елдерінің шахматшылары Түркістанда сайысқа түседі. Ала тақта аламаны алдағы бір апта көлемінде өтеді. Оған 7 елден келген 24 шахматшы қатыспақ. Жүлде қоры қомақты. Бұл жолғы бәсекенің ерекшелігі қандай? Қазақстан намысын кімдер қорғайды? Бұл туралы келесі бейнематериалда.
Ерлер мен әйелдер сынында зияткерлер айналма жүйе бойынша 14 тур ойын өткізеді. Түркі мемлекеттері турниріне көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан ойыншылары келген. Одан бөлек Түркия, Әзірбайжан, Венгриялық қатысушылар бар.