Түркістан
EN

Түркістанда екі бірдей медициналық емдеу орны ашылады

3
23.11.2026

Түркістанда 570 орындық көпбейінді аурухананы  алдағы Ұлыс күні мерекесінде ел игілігіне беру жоспарланып отыр. Бұл туралы өңірге жұмыс сапарымен келген Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді. Үкімет өкілі мердігерлерге нысанды белгіленген мерзімде аяқтап, медициналық жабдықтар мен қызмет сапасына ерекше мән беруді тапсырды. Сондай-ақ өңірдегі денсаулық сақтау инфрақұрылымының даму барысымен танысты.

Нұрлыбек Нәлібаев медициналық мекемеге алынатын әрбір құрал-жабдық сапалы әрі заманауи болуы керек деді. Ең бастысы, халық емін-еркін келіп, қолайлы жағдайда ем қабылдайтын, еліміздегі үздік медициналық орталықтардың біріне айналуы қажет. Ол үшін білікті дәрігерлерді, мықты мамандарды тарту міндеті қойылды. Вице-премьер мұндай деңгейдегі медициналық орталық әзірге елордада ғана бар екенін атап өтті. Сонымен қатар Түркістан облысының даму қарқынына жоғары баға берді.