Жыл басынан бері Түркістан облысында 370 өрт оқиғасы болған. Төтенше жағдайлардың алдын алып, өрт сөндірушілердің жедел әрекет ету дағдыларын пысықтау үшін бүгін облыс орталығында арнайы тактикалық оқу-жаттығу өтті. Төтенше жағдайлар департаментінің жоспарына сәйкес шара облыс орталығындағы №34 жалпы білім беретін мектеп ғимаратында ұйымдастырылды. Қауіп-қатер кезінде мамандар өрт ошағын барлау, оны сөндіру, зардап шеккендерді құтқару жұмыстарын көрсетті. Сондай-ақ, ғимаратта қалып қойғандар азаматтарды эвакуациялады.
МЕЙРАМХАН БАЗАРБЕК – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТЖД ҚЫЗМЕТКЕРІ
Түркістан қаласынан 4 өрт сөндіру техникасы, 25 жеке құрам, және 1 арнайы автокөлік жұмылдырылды. Сіздердің тілмен айтқанда автолестница. Бұл мектептегі өрт қауіптілігі бойынша жоғары. Сондықтан жақын жердегі бөлімшелерден техникалар жұмылдырылды.