Түркістан
EN

Президент: 2027 жыл өте ыстық болуы мүмкін, қауіп-қатерді ескеру қажет

2
23.11.2026

2027 жыл өте ыстық болуы мүмкін. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің ІІІ форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Президент климаттық болжамдарға тоқталып, алдағы қауіп-қатерлерді ескере отырып, ауыл шаруашылығы мен су ресурстарын басқаруды жетілдіру қажеттігін айтты. Бұл қуаңшылық, өрт пен су тасқыны қаупін арттырып, азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етуі ықтимал. Президент аграрлық салада осы тәуекелдерді ескерудің маңызын атап өтті.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ 

Қазір келесі жылға және одан кейінгі орта мерзімді кезеңге арналған әлемдегі климат ахуалы жайында түрлі болжамдар жарияланып жатыр. Климаттық күн тәртібі геосаясатпен және экономикамен тығыз байланысты. Мәселен, климаттың күрт нашарлап бара жатқанына және алдағы қуаңшылыққа байланысты алаңдаушылық жиі айтылады. Ауыл шаруашылығына жасанды интеллектіні енгізуге байланысты пікірімде осыған тоқталдым. Кейбір сарапшылардың пікірінше, 2027 жыл өте ыстық болуы мүмкін