Қырғызстанда Бас Прокуратура еріген Sputnik V вакцинасына қатысты істі тергеп жатыр. №2 отбасылық медицина орталығында тоңазытқыш өшірілгендіктен, Ресейлік вакцинаның 994 дозасы еріп, жарамсыз болып қалған. Осы оқиғадан кейін елдің Денсаулық сақтау министрлігі Ленин ауданының отбасылық медицина орталығының директоры Нұрлан Галбаевты еңбек міндеттерін өрескел бұзғаны үшін қызметінен босатты. Жалпы, Ресейлік Sputnik V вакцинасының еріген 994 дозасы салдарынан келтірілген шығын шамамен 840 мың сом яғни 4,2 млн. теңгені құраған.
️