Жолшылар ұлттық ойындардан сайысқа түсті

49
26.03.2025 21:04

Ұлыстың ұлы күнінде 4 өңірдің жолшылары Түркістанда бас қосып, Наурыз мейрамын тойлады. Наурызнама тұжырнамасына сай ұлттық киім киіп киіп, ұлттық ойындардан сайысқа түсті. Қошқар көтеруден, ләңгі тебуден, садақ атудан Түркістан мен Сыр өңірінің жолшылары ептілік танытты. Арқан тартудан Шымкент, асық атудан Жамбыл командасының асығы алшысынан түсті. Ән шырқап, күй шерту секілді өнер сайысы да болды. Әсіресе түркістандық инженер Зайра Шаймұратқызының ұлттық салт-дәстүрге сай бұйымдар жасайтын қолөнері көпшілікті тәнті етті.