«Ана-ару, ана-көктем, ана-гүл»! Түркістан қаласындағы Ақжайық музыкалық мектебінде аяулы аналарға құрмет көрсетілді. Мерекелік шараға түрлі салада еңбек етіп, киелі шаһардың дамуына үлес қосып жүрген нәзік жандылар қатысты. Оларды қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы арнайы құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
️