Еліміздегі алғашқы Атом электр Станцасының құрылысы басталатын күн де алыс емес. Жуырда қажетті құжаттарға қол қойылады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты. Сондай-ақ ол елде салынуы мүмкін екінші және үшінші АЭС құрылысына арналған аумақтарды анықтау жұмыстары аяқталуға жақын дейді.
️