Түркістан облысында 793 766 зейнетақы және жәрдемақы алушылар бар. Бұл өңір халқының 3/1-і. Былтыр облыстық халықты әлеуметтік қорғау департаменті өңір халқына үш жүз мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен. Бұл туралы облыстық халықты әлеуметтік қорғау комитетінің басшысы Бегман Нұрмаханов мәлімдеді. Сондай -ақ, «Е-макет» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде әлеуметтік төлемдер саны 335 683 – ге жеткен. Оның 200 мыңға жуығы жаңадан тағайындалғандар. Жалпы аталған департамент 3 бағытта жұмыс жүргізеді.
️