4 жыл бұрын жоғалып кеткен қыз табылды

58
28.01.2025 20:58

Түркістан облысында 4 жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен бойжеткен аман-есен табылып, анасымен қауышты.  Ресми мәліметтерге сүйенсек, 2021 жылы жергілікті тұрғын полицияға 16 жастағы қызының жоғалғанын айтып, арызданған. Ақпарат алысымен тәртіп сақшылар барлық қажетті тергеу жүргізген. Алайда нәтиже болмапты. 4 жыл өткен ғана полиция жас қызды Алматы қаласындағы тамақтану орындарының бірінде жұмыс жасап жүрген жерінен тапқан. Бүгінде қыздың осынша уақыт қайда, не себеппен хабарсыз кеткенін анықтау шаралары жүргізіліп жатыр.