Өткен жылы елімізде 17 мыңнан астам интернет алаяқтық тіркелген. Осының кесірінен алданған азаматтар 28,7 млрд теңге көлемінде шығынға батыпты. Олардың арасында жасөспірімдер де жоқ емес. Осыған орай оқу ағарту министрлігі мен қаржылық мониторинг агенттігі өзара меморандум түзіп, 5 және 7 сынып оқушыларына арнайы ашық сабақ өткізуді қолға алды. Бірлескен жұмыс жеткіншектер мен жасөспірімдердің қаржылық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.
️