10 тамыз Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Шорнақ ауылында арнайы кеш өтті. Онда ақын қара сөздері оқылып қана қоймай, сахналық көрініс ретінде қойылып, танымал шығармалары орындалды. Шараға аудандық мәдениет үйі мен кітапхана қызметкерлері атсалысты. Естеріңізге сала кетсек, былтыр Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы халықаралық деңгейде аталып өтуі тиіс болатын. Алайда пандемия салдарынан ол шара республика бойынша тойланбай қалды. Биыл да пандемияның беті қайтпағандықтан, ауқымды шара болмайтын сыңайлы.
️