«Үйде де, жолда да байланыс нашар!». Осылай деген ел Премьер-министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында тұрғындардың мобильді байланысқа жасаған шағымына тоқталды. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне әкімдіктермен және операторлармен бірлесіп бір ай ішінде кемшіліктерді анықтауды тапсырды. Оған қоса Олжас Абайұлы желілердің тартылуы мен нақты қосудың арасында әлі де алшақтық бар екенін айтты. Мәселе әсіресе, ауылды жерлерде өзекті. Үкімет басшысы келер жылы елдімекендерді инетернетке қосу үшін кесте бекітуді тапсырды.