Түркістан
EN

Төлебиде жаңа тұқымбақ ашылды

4
24.11.2026

Түркістан облысының Төлеби ауданында көгалдандыру жұмыстары кешенді түрде жүзеге аса бастады. Қоғалы ауылдық округінде сәндік ағаштар, бұталар мен гүлдер өсіруге арналған тұқымбақ ашылды. «Жасыл мекен – гүлденген аудан» жобасы аясында жүзеге асқан бастама алдағы уақытта ауданның жасыл желегін көбейтуге мүмкіндік бермек.

Жаңа тұқымбақтың жалпы аумағы – 1,8 гектар. Мұнда алғашқы кезеңде 6 мыңнан астам көшет отырғызылып, 2 мыңға жуық тұқым егілді. Негізгі мақсат – жергілікті климатқа бейімделген ағаш-бұта түрлерін көбейтіп, аудан елді мекендерін көгалдандыруға қажетті көшет қорын жасақтау. Ауыл тұрғындары да бұл бастаманың маңызын жоғары бағалады.