Түркістан
EN

Шұбар ауылында жаңа спорт кешені ашылады

3
24.11.2026

Түркістан облысының шалғай ауылдарында спорт инфрақұрылымы жаңарып келеді. Ордабасы ауданының Шұбар елді мекенінде  спорт-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды. Жуырда пайдалануға берілетін нысанда тұрғындар спорттың қандай түрлерімен шұғылдана алады?  Әріптесім Жұлдыз Шалхарбек тарқатады.

Көше бойлап, аулада ала доп тепкен мына жеткіншектер енді заманауи кешенде жаттыға алады. Былтыр құрылысы басталған нысанға бюджеттен 525 миллион теңге бөлінген. Ғимарат желтоқсан айында ашылуға толық дайын. Әзірге ауладағы жасыл алаң балаларға ерекше қызық болып тұр. Түсірілім кезінде-ақ жас өрендер келіп, жаңа алаңға өз бағасын беріп үлгерді.