Спорт нысандары көпшілікке қолжетімді болып қалуға тиіс

1346
15.01.2025 02:19

 Спорт нысандары қарапайым халыққа қолжетімді болуы керек. Осылай деген үкімет басшысы Олжас Бектенов қазақстандықтар үшін спорт инфрақұрылымдарының қолжетімділігі туризмге тың серпіліс беріп, бизнестің дамуына жол ашатынын баса айтты. Премьер-министр Туризм және спорт министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп спорт нысандарын салу үшін қолайлы жағдай жасауды тапсырды. Алматы облысында, Шығыс Қазақстанда және басқа аймақтарда жаңадан тау шаңғысы трассаларын жасау жұмыстарын жіті қадағалау міндеттелді.