Түркістан облысындағы 115 мектеп жаңғыртудан өтеді

62
19.12.2024 20:58

Түркістан облысының кәсіптік коледжерінде білім алған түлектер Еуропада кәсіби маман ретінде жұмыс істей алады. Бұл туралы Білім басқармасының басшылығы мәлімдеді. Сондай-ақ, өңірдегі 115 мектеп жаңғыртудан өтеді. Бұл дегеніміз аталған оқу орындарындағы жағдай тура "Жайлы мектептегідей" болады деген сөз. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен қолға алынған жоба, алдағы 3 жылда жүзеге асады. Осылайша, Түрістан өңірінің білім көрсеткішінің деңгейі еліміздегі соңғы 20-шы орыннан 16-шы орынға көтеріліп отыр.